42 жаңа су қоймасы салынады
Қазақстан су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға 1 миллиард 153 миллион доллар тартуды жоспарлап отыр. Ислам даму банкі бөлетін қаражат жаңа су қоймаларын салуға және ирригациялық желілерді жаңартуға бағытталмақ. Бұл мәселе бүгін депутаттармен өткен комитет отырысында талқыланды. Жалпы, алдағы 3 жылда елде 42 жаңа су қоймасын салу, 37-сін реконструкциялау және 14 жарым мың шақырым канал жаңғырту жоспарланған. Бастама жүзеге асса су тапшылығын азайтуға сеп болмақ.
Әбілқайыр Тамабек, Құрылтай депутаты:
Қарыз қаражаты болғаннан кейін каналдар біткеннен кейін ол тарифке отырады. Яғни қайтарымы бар деген мәселе бар. Қазіргі тартылып жатқан қаражаттты үнемді пайдалана отырып, осы ииригациялық жүйелерімізді барлығын жасап алу.Сонымен қатар қысты күі Қырғызстаннан бізге көп су келеді. Өзбекстаннанда солай. Сол суларды қыстағы уақытта сақтап жинап алатын су қоймаларын салу мәселесі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы