Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентаралық одақ президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жауапты миссияны абыроймен атқаруына тілеулестік білдірді. Сондай-ақ Президент бұл одақпен көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. Алдағы уақытта да ұйыммен байланысты тереңдетуге бейіл екенін айтты. Оған қоса еліміздегі саяси жүйені жаңғырту және демократиялық институттарды нығайту бағытындағы реформаларға тоқталды. Ал Милтон Дик жаңа қызметке сайланғалы алғаш табаны тиген мемлекет Қазақ елі екенін айрықша атап өтті. Ол Қазақстандағы саяси, экономикалық өзгерістерді жоғары бағалады. Әңгімелесу барысында тараптар жасанды интеллектінің дамуы және Қазақстан-Аустралия ынтымақтастығының келешегі жөнінде пікір алмасты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы