Басты Жаңалықтар Астанада өрт сөндірушілер туралы фильм көрсетілді

Астанада өрт сөндірушілер туралы фильм көрсетілді

Өрт сөндірушілердің ерлігі туралы жиі естиміз. Алайда қауіпті мамандық иелерінің өмірі көпшілікке беймәлім. Астанада осы тақырыпты арқау еткен «Соңыра» фильмінің тұсаукесері өтті.

Туындыда өзгелердің өмірін құтқару үшін өз басын қатерге тігетін өрт сөндірушілердің өзі де қолдауға мұқтаж болатыны көрсетілген. Басшылық қызметтегі тұлғалардың жауапкершілігі де қозғалады. Идея авторының айтуынша, фильмнің негізгі мақсаты – өрт сөндірушілердің күнделікті қызметінің артында тұрған адамдық болмысын, олардың жан дүниесі мен жеке өмірін көрсету. Ал фильмнің атауы көрерменге өмірдегі маңызды дүниелерді кейінге қалдырмау керектігін ұғындыруды көздейді, - дейді.

Олжас Абай, продюсер, актер:

Фильм 1 ай бойы Өскемен қаласында түсірілген. 6 ай бойы сценарий жаздық. Мұндағы маңызды мәселе, Қазақстанда әйел адамдары өрт сөндіруші болып жұмыс істемейді. Бұның ерекшелігі сол болып тұр. Ал бұл фильмде әйел адам құтқарушы болып жұмыс істейді.

Бөлісу