Басты Жаңалықтар Қарашығанақта алтыншы компрессор іске қосылды

Қарашығанақта алтыншы компрессор іске қосылды

Қарашығанақ кен орнында алтыншы компрессор іске қосылды. Бұл – Мемлекет басшысының мұнайгаз саласын дамыту жөніндегі тапсырмасының аясында жүзеге асқан жоба.

Газды кері айдауға арналған жаңа компрессор кен орнының төменгі қабатындағы қысымды тұрақтандырады. Мұнай өндіру деңгейін қалыпты сақтауға жағдай жасайды. Компрессор құрылысында 2 мыңға жуық маман еңбек еткен. Соңғы сегіз жылда Қарашығанақты кеңейту жобалары аясында өңірге 4,4 млрд доллар көлемінде инвестиция құйылған.

Нариман Төреғалимев, БҚО әкімі:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023 жылдың наурыз айында Батыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында осында арнайы келіп, Қарашығанақты кеңейту жобасымен танысты. Мемлекет пен инвесторлар арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын көрінісі ретінде бүгін бір облыстың ғана емес, еліміздің мұнай-газ өнеркәсібі үшін маңызды жобаны іске қосып отырмыз.

Бөлісу