Басты Жаңалықтар Онкологтар сүт безін қалпына келтірудің жаңа технологиясын енгізді

Онкологтар сүт безін қалпына келтірудің жаңа технологиясын енгізді

Қазақстандық онкологтар сүт безін қалпына келтірудің жаңа технологиясын енгізді. Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығы мамандары отандық X-Graft биоматериалын пайдаланып, 120-дан астам пациентке реконструкциялық операция жасады. Жаңа әдіс арқылы хирургтер тек ісікті ғана алып тастамайды, елімізде өндірілетін коллагенді имплантты кеудеге қою арқылы сүт безінің пішінін қайта қалпына келтіреді. 2026 жылдың шілдесінде X-Graft медициналық бұйым ретінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, клиникалық тәжірибеде қолдануға рұқсат алды. Сүт безі обыры еліміздегі әйелдердің арасында ең көп таралған онкологиялық ауру. 2025 жылы 5 743 жаңа жағдай тіркелген.

Бөлісу