Президент: Ғылымды қаржыландыру $590 млн-ға жетті
«Еліміз қасиетті Тәуелсіздігіміздің мерейлі межесіне халықаралық беделі биік, экономикалық әлеуеті зор, болашағы жарқын ел, сондай-ақ аймақта көш бастап тұрған және дүние жүзінде жаппай мойындалған озық мемлекет ретінде жетіп отыр». Астанада өтіп жатқан ІII Стратегиялық серіктестер форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.
Президент соңғы жеті жыл ішінде Қазақстанда ауқымды реформалар жүзеге асқанын айтты. Бұл да – тарихымызда бұрын-соңды болмаған оқиға. Әсіресе ғылымды қолдауға айрықша көңіл бөлініп отыр. Қазір саланы ғылымды қаржыландыру көлемі 590 миллион долларға жетті. 132 университет жұмыс істейді. Онда 800 мыңнан астам студент білім алады.
Бұған қоса, білім беру гранттарына бөлген қаржының көлемін екі есе көбейіп, 3,4 миллиард долларға жетті. Сондай-ақ ұдайы артып келе жатқан сұранысты өтеу үшін елімізде 281 студент жатақханасы бой көтерді. Мемлекет басшысы: «Ғылым – тұтас адамзаттың игілігіне қызмет ететін теңдессіз құндылық. Сондықтан білімде шекара жоқ, болмауға да тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан барлық елмен зияткерлік байланысты ұлғайтуға ұдайы баса мән береді», - деді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы