Қазақстан алғаш рет Шуман форумына қатысты
Қазақстандық делегация Брюссельде өткен қауіпсіздік және қорғаныс мәселелеріне арналған үшінші Шуман форумына қатысты. Біздің мемлекет Орталық Азия елдері бойынша халықаралық жиынға шақырылған жалғыз мемлекет. Басқосуға жиналғандар жаһандық қауіп-қатер күшейген тұста қауіпсіздік пен қорғанысты бекемдеу мәселесін талқылады. Сонымен қатар адам саудасы, киберқауіпсіздік, терроризмге, есірткі саудасына қарсы тұруда күш біріктіру қажеттігіне баса мән берілді. Форумда сөз сөйлеген қазақстандық өкілдер лаңкестік ұйымдардың кибершабуыл жасау үшін жасанды интеллект пен цифрлық платформаларды белсенді пайдалануға көшкені алаңдататынын айтты.
Станислав Василенко, ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі:
Қазақстанның бастамалары мен қазақ үкіметінің осы қауіптер мен сынақтарға қарсы тұру жөніндегі күш-жігеріне серіктестер жоғары баға беріп отыр. Өткен аптада елордада киберқылмыспен күрес жөніндегі конференция өтті. БҰҰ Астанада ұйымның Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект орталығын құру жөніндегі Қазақстанның бастамасын қолдап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы