Басты Жаңалықтар «Халықтық құрылыс» бағдарламасы еуропалық басылым бетінде

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы еуропалық басылым бетінде

Еуропалық EUReporter басылымы Қазақстандағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасы туралы көлемді мақала жариялады. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге қаражат инфрақұрылымды дамытуға бағытталатыны жазылған. Үш жылдық бағдарлама аясында еліміздің барлық өңірінде білім беру, денсаулық сақтау, спорт нысандары салынып, жолдар мен инженерлік желілер жаңартылады. Басылым «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру басталды: алғашқы кезеңде құны 1,3 трлн теңгеден асатын жобалар мақұлданғанын хабарлайды. Сонымен қатар мақала авторы ауқымды бастаманы Индонезия, Норвегия мемлекетттерінің тәжірибесімен салыстырып, ұлттық қордағы қаржының елдің ұзақ мерзімді дамуына жұмсалуын оң шешім деп бағалаған. Сонымен қатар «Ұлттық қорлар, түптеп келгенде, азаматтарға қызмет ету үшін құрылады. Қазақстанның ұстанымы бойынша, болашақ ұрпақтың мүддесі қордағы жинақтың көбеюімен ғана емес, олар өсіп-өнетін мектептер, ауруханалар мен қалалар арқылы да қамтамасыз етіледі. Шикізат экспорттаушы елдер энергетикалық өтпелі кезеңге дайындалып жатқан тұста, «Халықтық құрылыс» сарқылатын табиғи ресурстардан түскен байлықты ұзақ мерзімді қоғамдық игілікке айналдырудың тиімді үлгісін ұсынады», - деп жазды.

Бөлісу