Алтай жоталарында қар көшу кезеңі басталды
Шығыста қар көшкіні қаупі бар кезең басталды. Соған байланысты төтенше жағдайлар қызметкерлері өңірдегі таулы аймақтарды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр. Ең қауіпті аумақтарға 160 қар өлшеуіш тақтайша орнатылған. Бұдан бөлек алдын алу құрылғылары да жұмыс істеп тұр. Тек былтырдың өзінде облыста 14 қар көшкіні тіркелген. Сондықтан мамандар тауға шығар алдында ауа райы болжамымен танысып, ескерту жарияланған жағдайда қауіпті жерлерге бармауға кеңес береді.
Дидар Мергенов, «Қазселденқорғау» ММ ШҚФ басшысының орынбасары:
Шығыс Қазақстан облысы республикадағы ең қар көшкіні қауіпті аймақ болып есептеледі. Соның ішінде 325 орынды күнделікті қадағалап отырамыз. Біздің аудандарда 20 қар көшкіні бағыттары анықталған. Үш уақыт ақпарат келіп түседі. Солардың барлығын өңдеп, қарап орталық диспетчерлік пунктке жіберіп отырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы