52 мыңнан аса азамат тұрғын үйге мұқтаж болмай шықты
52 мыңнан астам азамат тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен шығарылды. Бұған олардың атында баспананың болуы себеп. Отбасы банкінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде баспанаға мұқтаж деп тану талаптарына сәйкес келмейтін 52 мың 535 анықталған. Биыл 14 қыркүйектен бастап банк кезекте тұрған азаматтардың дербес деректерін қосымша келісімсіз тексеруге мүмкіндік алды. Енді тек жеке меншігіндегі баспана ғана емес, жылжымайтын мүліктегі үлесі де назарға алынады. Сондықтан кезектен шығарылатындар саны әлі де артуы мүмкін.
Дидар Күлпейісов, «Отбасы банк» АҚ бірінші баспанамен қамтамасыз ету орталығының басшысы:
14 қыркүйектен біз заңға өзгерістер еңгізілді түгендеу бойынша. Біз толығымен түгендеуді жүргіздік. Жеке меншігінде мүліктері бар адамдарды қараша айында кезектен шығардық. 52 535 адам. Бұл адамдардың өзінде немесе жұбайында немесе балаларында жеке бастарында мүлік бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы