270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллектіні меңгереді
270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллекті меңгереді. «Әділет» партиясының Жастар қанаты еліміздің 20 өңірін қамтитын «Жасампаз AI» республикалық жобасын іске қосты. Жоба үш бағыт бойынша жүзеге асады: AI Academy, AI Challenge және AI Ауылға. Оның ішінде 50 мыңнан астам жас цифрлық контент жасауды, ал 20 мыңнан астам қатысушы технологиялық жобалар әзірлеуді меңгереді. Ал AI Ауылға бағыты Қазақстанның мыңнан астам ауылындағы 200 мыңнан астам мұғалім мен оқушыны қамтиды. Қатысушылар жасанды интеллектіні білім алуда, жұмыста және күнделікті өмірде тиімді пайдалануды үйренеді.
Жанат Макеева, «Әділет» партиясы ШҚО филиалының төрағасы:
Шығыс Қазақстан облысының белсенді жастары Президент жолдауының негізгі бағыттарын талқылауға арналған QWIZ ойынын ұйымдастырып жатыр. Себебі, біздің жастарымыздың көпшілігі белсенді қатысып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы