Басты Жаңалықтар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметіне қатысты кеңес өтті

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметіне қатысты кеңес өтті

Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды. Жиында 2025 жылғы Астана бейбітшілік декларациясын іске асыру және Съезд құжаттарын халықаралық деңгейде ілгерілету жайы қаралды. Атап айтқанда, дін саласында жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық кодексін, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі діндердің рөлі және жазылмайтын дертке шалдыққан баланың құқықтары жөніндегі хартияны халықаралық деңгейде ілгерілету мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар IX Съезге дайындық, Түркістанды 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы ретінде таныту және халықаралық мәдени байланыстарды дамыту мәселелері сөз болды. Кеңес қорытындысында Ерлан Қарин Съезд бастамаларын жүзеге асыру, халықаралық серіктестермен байланысты нығайту және ведомствоаралық жұмысты үйлестіру жөнінде тапсырмалар берді.

Бөлісу