Басты Жаңалықтар Депутат пойыздарда мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасауды ұсынды

Депутат пойыздарда мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасауды ұсынды

54 жолаушылар пойызының 24-і, яғни тең жартысынан көбі арнайы көтергіш құрылғымен жабдықталмаған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін Құрылтай депутаты Елдос Баялышбаев көтерді. Ол депутаттық сауал жолдап, арбаға таңылған жолаушыларды кей жағдайда вагонға бірнеше адамның қолымен көтеріп кіргізуге тура келетінін жеткізді. Депутат әр теміржол вокзалын жылжымалы көтергіштермен, ал әрбір үшінші вагонды тар дәліздерге арналған арнайы арбалармен жабдықтауды ұсынды. Сонымен қатар пойызда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы жатын орын санын кемінде екіге жеткізу қажет екенін айтты.

Елдос Баялышбаев, Құрылтай депутаты:

2027-2029 жылдарға арналған үш жылдық бюджет жобасы аясында мәселені қарастыруды ұсынамын. Соған сәйкес, мобильді көтергіштер мен вагон ішіндегі тар дәліздерге арналған арнайы арбаларды сатып алуға, оларға техникалық қызмет көрсету мен пайдалануға, сондай-ақ қызметкерлерді оқытуға қаржы қарастыру қажет.

Бөлісу