Павлодарлық жастар креативті жобалар әзірлемек
«Таза Қазақстан» республикалық акциясына мейлінше үлес қосуды мақсат еткен Павлодарлық жастар әйгілі «Аватар» мультфилі стилінде экологиялық квест өткізді. Шараға мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Көпшілігі жазғы демалыста облыстық «Жасыл ел» штабы қатарында болған. Яғни, тазалық жұмыстарынан бастап, көшет егу және экологиялық жобаларды іске асырудың қыр-сырын меңгерген жеткіншектер. Әлбетте «Таза Қазақстан» акциясы көктем келіп, жер аяғы кеңіген кезде қызады. Оған дейін креативті жобаларды әзірлеп алу қажет. Бүгінгі квест ойын сол себепті ұйымдастырылып отыр.
Арина Краскова, «Жасыл ел» штабының жетекшісі:
Ойынның басты мақсаты, экологияны қорғап, осы бағытта ұжым болып атқаратын іс-шаралардың тиімді жобаларын дайындау. Бұл жерде тек қана ойды қағазға түсіру емес, қалдық өндіретін нысандардың макеті құрастырылады. Себебі қазіргі уақытта жастар тек қана тазалық жұмыстарымен айналыспайды. Өндіріс орындарына барып, экологияны жақсартуға бағытталған технологиялармен танысады. Себебі, оларды дамыту бізге жүктеледі ғой.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы