Амандасу – қоғам мәдениетінің көрінісі
Амандасу – қоғам мәдениетінің көрінісі. Мемлекет басшысы қоғамдық орындарда әдеп сақтау, өзін дұрыс ұстау және амандасу мәдениетіне мән берудің маңызына тоқталған еді. Амандасу – жай ғана әдет емес деді. Ол адамның тәрбиесін, мәдениетін және өзгеге деген сыйластығын көрсететінін айтты. Тұрғындар да бұл пікірді қолдайды.
Алыстан амандасқан күннің өзінде қолын төске қойып амандасу, қоғамдық орындарда балағат сөз айтпау, қоқыс тастамау деген сияқты, музейде, кітапханада тыныштықты сақтау қоғамдық мәдениеттің ең басты алғышарты деп білемін.
Амандасу этикеті туралы көп адам біле бермейді. Яғни қоғамдық ортада құшақтасып, бұл мен үшін ерсі деп ойлаймын. Қоғамдық ортада, меніңше, этикетті сақтаған дұрыс. Яғни ол іскерлік ортада болсын, мысалы қоғамдық ортада болсын, қол алмасып немесе алыстан ғана «Сәлеметсіз бе?» дегеннің өзі менің ойымша жеткілікті.
Амандасу әдебі бойынша қолды кеудеге қойып амандасу туралы мен дұрыс деп қолдаймын. Өйткені қоғамдық орында адамдар бір емес, бірнеше адаммен жолығады, сол кезде әдеп сақтап амандасқан дұрыс. Қоғамдық орында әр адам өз үйіндегі мәдениетін көрсету керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы