Астаналық студенттер 500 емен екті
Елордада 400-ден аса студент саябаққа 500 түп емен ағашын отырғызды. Шарапатты шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілді. Әр көшетке бірегей QR-коды бар тақтайша орнатылды. Ол арқылы ағаш бірыңғай цифрлық базаға тіркеліп, оның жай-күйі мен өсу барысын бақылауға болады. Осылайша, әр ағаштың күтімі цифрлық жүйе арқылы қадағаланады. Игі шараға Астана қаласының әкімдігі мен Назарбаев университеті қолдау білдірген.
Гүлмира Қанай, Назарбаев университетінің вице-президенті:
Бүгін Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен Назарбаев университетінде акция өтіп жатыр. Аталмыш акция бір күндік шара емес. Оның ары қарайғы түпкі мақсаты экологиялық мәдениет қалыптастыру. Бүгін саябақта өздеріңіз көріп отырғандай бір ғана жоғары оқу орынның ғана емес, Астана қаласының бірнеше жоғары оқу орынның студенттері жиналып, өздерінің қоғамдық белсенділіктерін танытып жатқандары ерекше қуантады.
Мәди Шоттықбаев, студент:
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында біз 5000 ағаш отырғызу жоспарлануда, соның біз 500 отырғызып жатырмыз. Көріп тұрғандарыңыздай, әрбір ағаштың өзінің кьюар коды бар. Әр отырғызған адам отырғызған ағаш туралы мәлімет енгізеді. Яғни әр ағаштың өзінің иесі болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы