Ұлттық арна биыл көрерменге 7 жаңа телехикая ұсынады
Ұлттық арна биыл көрермендеріне 7 телехикая ұсынады. Бұл отандық өнімдердің қорын толықтыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Өйткені жыл сайын жүздеген жоба іріктеліп жатыр. Дәл бүгін келер жылға арналған телехикаяларды іріктеу мақсатында питчинг өтті. Конкурсқа 186 өтінім келіп түскен. Арна басшылары іріктеуден өткен 21 компанияның тың жобаларымен танысты. Олардың ұсынымдары мазмұны мен көркемдік шешімі, тақырыптың өзектілігі және ұлттық аудиторияның сұранысына сәйкестігі тұрғысынан талқыланды.
Дария Айткенқызы, «Қазақстан» РТРК АҚ телехикаялар өндірісі бөлімінің бастығы:
21 компания әр алуан тақырыпта телехикая ұсынды. Медецина тақырыбы болсын. 2-3 әскери потриоттық тақырып болды. Жалпы біздің мақсатымыз – көрерменге сапалы, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін телехикаяларды ұсыну.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы