Басты Жаңалықтар Панфиловшылар дивизиясының құрылғанына 85 жыл

Панфиловшылар дивизиясының құрылғанына 85 жыл

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қызметкерлері Екінші дүниежүзілік соғыс қаһармандары – Панфиловшы жауынгерлерді еске алды.

Биыл аты аңызға айналған дивизияның құрылғанына 85 жыл. Шараға дипломатиялық корпустан бөлек, Ресейдің сыртқы істер министрлігі, Мәскеу облыстық Думасының және ардагерлер қоғамының өкілдері арнайы келді. Жиналғандар Дубосековадағы мемориалға гүл шоқтарын қойды. Одан соң Панфиловшылар музейіндегі өткен дөңгелек үстелге қатысып, қазақстандық батырлардың ерлігін одан әрі насихаттау жолдарын талқылады. Тарихшылардың айтуынша, қазақстандық және қырғызстандық жауынгерлерден жасақталған 316-ыншы дивизияның ерлігі екінші дүниежүзілік соғыс тарихынан ерекше орын алады.

Бөлісу