Басты Жаңалықтар Кітапхана қызметі: инклюзия мен цифрлық мүмкіндіктер

Кітапхана қызметі: инклюзия мен цифрлық мүмкіндіктер

Алматыдағы заманауи кітапханалар оқырмандарға кең мүмкіндіктер ұсынып отыр. Мәселен, Құлагер кітапханасында барлық санаттағы тұрғындарға, соның ішінде көру қабілеті нашар және зағип жандарға қолайлы жағдай жасалған. Инклюзивті аймақта әрбір оқырман кітапхана қызметін кедергісіз пайдалана алады. Мамандар қажетті әдебиеттерді таңдауға, ақпарат іздеуге көмектеседі. Руханияи орталығының тағы бір ерекше мүмкіндіні – балаларға арналған арнайы жабдықталған білім беру планшеттері. Бұл құрылғылар арқылы оқушылар мектеп бағдарламасына сәйкес қажетті бейнесабақтарды көріп, оқу материалдары мен танымдық мәліметтерді қолданады. Кітапхана жұмысын бастағанына небәрі бір жарым ай болса да, қазір мұнда 2 мыңға жуық оқырман тіркелген. Кітап қорында 14 мыңнан астам басылым жинақталған. Бұдан бөлек, тұрғындарға арналған танымдық клубтар мен түрлі үйірмелер жұмыс істейді. «Кітап оқитын ұлт» бастамасы аясындағы бұл жоба әр жастағы оқырманның білім алуына мүмкіндік беріп, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға үлес қосып келеді.

Дилфуза Сұлтанова, кітапхана меңгерушісі:

Бұл жұмысымыздың негізгі мақсаты бұл кез келген оқырманға тең әрі қолжетімді кітапхана қызметін ұсыну. Бізде Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты 10 кітапханада осындай өз-өзіне осындай зағип және нашар көретін адамдарға арналған арнайы жұмыс аймағы бар және сол жерде ерекшелігі сондай арнайы мамандар қызмет атқарады.

Бөлісу