Almaty SuperSki: Ғылыми зерттеудің нәтижесі жарияланды
Almaty SuperSki тау курорты аумағында жүргізілген кешенді ғылыми зерттеудің қорытындысы жарияланды. Ғалымдар, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, су ресурстарын, мұздықтар мен топырақ жамылғысын зерттеген. Нәтижесінде кейбір аумақтарда өсімдіктердің тапталғаны, топырақтың тығыздалғаны анықталған. Ал қар барысы мен таутекенің негізгі мекен ететін аймақтары тікелей құрылыс жүргізілетін аумақтан тыс екені белгілі болған. Сондай-ақ, тарихи-мәдени мұра нысандарына археологиялық барлау жұмыстары жүргізілген. Зерттеу барысында 21 тарихи-мәдени мұра нысаны анықталып, 123 ескерткіш есепке алынған. Ғалымдар оның бір бөлігін толық зерттеп, қалғанын қорғау аймағына енгізген.
Ерлан Әміров, Ә.Марғұлан атындағы археология институты мониторинг және қорғау археологиясы тобының жетекшісі:
Қазба жұмыстары барысында ежелгі адамдардың таудағы тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылығы туралы құнды деректер табылды. Табылған жәдігерлер зертханалық өңдеуден өткен соң музей қорына беріледі. Ал қалған 44 ескерткіштің қорғау аймағы белгіленді. Біздің мақсатымыз - тарихи мұраны сақтап, ғылыми тұрғыдан зерттеу.
Жобаның жалпы аумағы 1000 гектардан асады. Оның 20 гектарына туристік инфрақұрылым нысандары салынады. Курортта 60 шақырымдық шаңғы трассасы мен 17 аспалы жол болады. Бастысы Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркінің құрамындағы ерекше қорғалатын аумақ мәртебесін сақтайды. Жауапты компания өкілдерінің айтуынша, курортты сумен қамтамасыз етудің тиімді тәсілін қарастырылған. Айтуларынша, су шығару үшін жер астын бұрғылау жұмыстары жүргізілмейді.
Ержан Еркінбаев, Kazakh Tourism Development компаниясының бас атқарушы директоры:
Қазіргі уақытта жер үстіндегі «Терісбұтақ» өзенінің ең көп болғанда 14 пайызын біз алып, болашақтағы «Almaty SuperSki» немесе «Көкжайлау» жобасының қажеттілігін қамтиды деген қорытынды берген және сол курорттың қалааның су жүйесіне ешқандай әсері болмайтындығын көрсеткен. Бір источник жеткілікті. Жердің астында су қорлары бар. Бірақ оларға тигізбеу біздің мақсатымыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы