Мемлекеттік қызметтердің 90% электронды форматқа өткен
Елімізде мемлекеттік қызметтердің 90%-ы электронды форматқа өткен. Азаматтар қажетті құжаттарды eGov порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы ала алады. Сондай-ақ кейінгі жылдары кәсіпкерлерге арналған цифрлық сервистер де жүйелі түрде дамып келеді. Ұлттық ақпараттық технологиялар компаниясының дерегінше биылғы 10 айда eGov Business қосымшасы арқылы тұрғындарға 1 миллион 800 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Қазір оны ай сайын 46 мыңнан астам адам пайдаланады. Ал күнделікті белсенді қолданушылар саны 5 мыңнан асады. Айта кетейік, тамыз айында eGov 3.0 платформасы іске қосылған еді. Алдағы уақытта оған мемлекеттік қызметтің тағы 176 түрін енгізу және жасанды интеллект элементтерін қосу жоспарланып отыр.
Автор
Рүстем Айткерім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда жылыту маусымы қалай өтіп жатыр? Энергетика министрі Президентке есеп берді
16.11.2026, 18:36
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады
16.11.2026, 17:33
Қазақ музыканттар еуропалықтарға шеберлік сабақ өтті
16.11.2026, 17:27
Анталиядағы саммитте қазақ күйлерін тартты
16.11.2026, 17:25
Қызылорда мектебінде экологиялық зертхана ашылды
16.11.2026, 17:24
Талдықорғанда электр энергиясымен жүретін автобустар саны артып келеді
16.11.2026, 17:23
Ғалымдар сыни ойлауды дамыту жолын ұсынды
16.11.2026, 17:22
Қытай адам тәрізді робот өндірісін арттырды
16.11.2026, 17:21