Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік
Қазақстанда жыл басынан бері 16 мыңға жуық алаяқтық дерегі тіркелді.
Көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда төмен. Алайда, келтірілген залал сомасы 24 пайызға ұлғайған. Мамандардың айуынша, адамдардың алаяқтардың арбауына түсуінің негізгі себептерінің бірі -ақпараттық және құқықтық сауаттың төмендігі. Жапа шегушілердің көпшілігі мәліметтің шынайылығын тексермей, кез келген ұсынысқа сене береді. Көптеген адамдар өз құқықтарын және алаяқтық жағдайында қандай әрекет жасау керектігін біле бермейді. Сондықтан, мемлекет тарапынан халықтың білімін артыруға арналған шаралар жүзеге асырылуда.
Мұратбек Аяғанов, СҚО ПД басқарма бастығының орынбасары:
Алдын-алу бойынша қазіргі уақытта бүкіл полиция қызметкерлері, басқа да органдар, бәрі бірлесіп, халықпен жұмыс жасаймыз. Түсіндіру жұмысы барысында алаяқтар қандай тәсілдер қоланады, соларды түсіндіреміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы