Басты Жаңалықтар Қаржыгерлер – экономикалық тұрақтылықтың кепілі

Қаржыгерлер – экономикалық тұрақтылықтың кепілі

Ел экономикасының тұрақтылығы мен қаржы жүйесінің дамуы – осы салада еңбек етіп жүрген мамандардың қажырлы жұмысының нәтижесі. Ұлттық валютаға деген сенімді нығайтып, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуде қаржыгерлердің үлесі зор. Биыл Қазақстан экономикасы біршама өсіп, инфляция да соңғы 12 ай қатарынан бәсеңдеп, қазір 9,2 процентке жетті. Ұлттық банк баға өсімін 2027 жылы 6,5- 8,5 процентке, ал 2028 жылы 5 процентке дейін төмендетуді көздейді. Осы секілді зейнетақы жинақтары мен Ұлттық қор активтерін тиімді басқару, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану, инвестиция тарту -  мұның бәрі білікті қаржыгерлердің кәсібилігіне тікелей байланысты екені сөзсіз. Ал осы жауапты міндеттерді абыроймен атқару үшін салаға халықаралық талаптарға сай мамандар көптеп  қажет,-дейді экономикалық сарапшылар.

Мақсат Халық, экономист:

Қаржыгерлердің өзінің әлемдік дәрежеде сертификаттары бар алатын. Ол CFA деп аталады, FRM деп аталады. CFA холдерлер деп аталады. Осыдан 1-2 жыл бұрын 100-ден енді ғана асқан еді, сондай халықарлық стандартқа сәйкес келетін сертификациясы бар азаматтар. Сондықтан, мен ойламын, бізге де әлі білікті қаржыгерлер керек. Жас қаржыгерлерді біз осындай сертификациядан өткізгеніміз дұрыс.

Бөлісу