Елімізде мұнай өңдеу көлемі 4,7 пайызға артты
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 4,7 пайызға артып, жанар-жағармай қоры 1,2 миллион тоннаға жетті. Бұл туралы Президент қабылдауында болған энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты. Қазір Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 12 миллион тоннаға дейін көбейту және Атырау облысында жаңа мұнай-химия кешенін салу жобалары қолға алынған. Министрдің айтуынша, жылыту маусымы қалыпты өтіп жатыр. Қатерлі «қызыл аймақтағы» станциялардың саны беске дейін қысқарып отыр. Жолдау міндеттері аясында министрлік деректерді өңдеу орталықтары мен жасанды интеллектінің сұранысын ескеріп, 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімді қайта қарауға кірісті. Ал жыл соңына дейін газдандыру деңгейі 64,5 пайызға жетіп, көгілдір отын 13,2 миллион адамға қолжетімді болады. Мемлекет басшысы халықты энергиямен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуді, жанар-жағармай мен көмір нарығын бақылауды тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы