Басты Жаңалықтар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ауысты

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ауысты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке 2022 жылы 6 қаңтарда тағайындалған болатын. Оның орнына бұл лауазымға Марат Ирменов келді. Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен жиын өткізді. Жаңа төрағаға жүйені реформалау, қызмет тиімділігін арттыруды жүктеді. «Заң мен Тәртіп» қағидатының орындалуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға баса назар аудару керек екенін атап өтті. Сонымен қатар, кадрларды іріктеу тәртібін жетілдіруді, басымдыққа ие мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі профилактикалық шараларды күшейтуді тапсырды.

Бөлісу