Басты Жаңалықтар Жаңаөзендегі аурухананы биыл жөндеп бітеді

Жаңаөзендегі аурухананы биыл жөндеп бітеді

Жаңаөзен қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстары биыл аяқталады.

65 орындық ғимаратты жаңарту жұмыстарының 80 пайызы орындалған. Құрылыс барысымен өңірге келген Құрылтай депутаттары танысты. Мемлекет басшысы Жолдауында денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жаңғырту, медициналық қызмет сапасын арттыру және халыққа қолайлы жағдай жасау міндеттерін тапсырған болатын. Осыған орай, аталған аурухана заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, науқастарға сапалы қызмет көрсетілетін болады. Жұмыс топтары МАЭК және «ҚазАзот» кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен, сондай-ақ білім беру саласы мен этномәдени бірлестіктер өкілдерімен жүздесті. Жиында саяси реформалар, энергетикалық қауіпсіздік, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланды.

Абат Өрісбаев, Құрылтай депутаты:

Инфрақұрылымдық жағдай жасақталса, әрі қарай сапалы медициналық қызметті көрсетуге болады. Жаңаөзен қаласының әкімі Сымбат Қуанышұлы соны пысықтап, жөндеу жұмыстарын тез арада аяқтап іске қосады. Әрі қарай елдің игілігіне пайдалануға береміз. Шешілмей жүрген сұрағымыз, біздің өңірімізде көпбейінді аурухананың салынуы. Мемлекет басшысының қолдауымен осы Маңғыстауда бой көтереді. Себебі қазір халық саны, демография өте жоғары.

Бөлісу