Басты Жаңалықтар Ерекше балаларға кәсіби білім алуға тең мүмкіндік жасалады

Ерекше балаларға кәсіби білім алуға тең мүмкіндік жасалады

Дамуында ерекшеліктері бар балаларға колледждерде кәсіби-техникалық білім алуға тең мүмкіндік жасалады және жұмыспен қамту жүйесі жетілдіріледі. Бүгін Астанада Құрылтай депутаттары инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін талқылады. Жиынға қатысушылардың сөзінше, кейінгі жылдары ерекше қажеттілігі бар жеткіншектер саны артып жатыр. Мемлекет басшысы да өз Жолдауында осы мәселеге ерекше тоқталған еді. Ресми статистикаға сүйенсек бүгінде Қазақстанда инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар. Сондықтан саладағы маман тапшылығын азайтып, ерекше қажеттілігі бар балалардың диагнозын ерте жастан анықтау жұмысын жүйелі түрде жүргізу көзделіп отыр. Еске саламыз бұған дейін 20 өңірінде оңалту және сауықтыру кабинеттері бар жаңа форматтағы 20 инклюзивті мектеп-кешен салынатыны айтылған еді.

Шолпан Каринова, Құрылтай депутаты:

Былтырғы оқу жылында аутизмі бар балаларға кәсіби мамандық беру бойынша жұмыс жүргізіліп, балалар тиісті мамандықтарын алып, қазіргі күні жұмысқа орналасты. Міне, осы практиканы зерделей отырып, алдағы уақытта басқа өңірлерде де, колледждерде осы дамуында ерекшеліктері бар балаларды кәсіби білімге тартуда қандай заңнамалық негіздемелер қажеттігін зерделейтін боламыз.

Бөлісу