Мәслихат сайлауына дайындалып жатыр
Мәслихаттар депутаттарының сайлауына екі аптадан аса уақыт қалды. Қазір ел көлемінде науқанға дайындық қызу жүріп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров өңірлерді аралап, әзірлік барысын пысықтауда. Өскеменде өткен кеңесте дауыс беру процесінің ашықтығы, сайлау учаскелерінің қолжетімділігі талқыланды. Жалпы, республика бойынша сайлаушылар тізіміне 12 миллион 600 мыңнан астам азамат енгізілген. Қазір кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.
Жанар Алқанова, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Облыс бойынша бұл сайлау науқанына 14 аумақтық, 176 окруктік және 534 учаскелік сайлау комиссиясы тартылды. Облыс бойынша 528 кандидат тіркелген. Қазіргі уақытта күнтізбелік жоспарға сәйкес үгіт жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы