Басты Жаңалықтар Жолдаудағы міндеттер: Тұрғындар не дейді?

Жолдаудағы міндеттер: Тұрғындар не дейді?

 Фермерлерге қаржылай қолдау, мұғалімнің қағазбастылығын азайту, мектеп пен аурухананың жағдайын жақсарту. Президент Жолдауында көтерілген бұл мәселелер алматылықтардың да назарынан тыс қалмады. Тұрғындар аграрлық салаға бөлінетін қаржыны арттырып, заманауи технологияларды енгізуді қолдап отыр. Өйткені, мұндай қолдаудың арқасында  ешқандай қоспасыз табиғи азық-түлік өнімі артады. Сондай-ақ, білім беру саласындағы артық жүктемені азайтып, ауылдардың инфрақұрылымын жақсартуға басымдық беру керектігін де қолдайтындықтарын айтуда. Себебі, мұның бәрі - халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелер,- дейді тұрғындар.

 Президентіміз өзі жолдауында ауыл шаруашылығына көңіл бөлуімізді талап етті мен оны құптаймын, әрине екі қолдап қолдаймын. Себебі, жаңағыдай қаржы бөлінсе, технологиямыз дамиды, технологиямыз дамыған заманда біздің ауылдағы өңірлеріміз дамиды.

Ауыл аймақтарда заман талабына сай мектептер салынса, балалардың оқуға деген ынтасы артады деп ойлаймын. Жайлы мектепте балалардың білім сапасы да жолғарылап, түрлі спорт залдар, қалалық стандарттарға сай ауылда да болатын болса, балалардың білім нәрімен сусындауына мүмкіндіктері туады деп ойлаймын.

Президент өз жолдауында бізде қазір мұғалімдердің жағдайы өте көп, яғни, қағазбен байланысты деп айтып кетті. Мен оған нақты дәлел келтіре аламын. Менің анам да мұғалім боп жұмыс істейді. Көп іс қағаздарының кесіренен оқушылармен байланысы күрделі. Яғни, уақыт көп бөлінбей қалып жатыр. Оқушылармен қазіргі коммуникациясы жақсы болса, болашақта ол оқушылардың болашағы да жарқын болады деп сенемін.

Бөлісу