Басты Жаңалықтар «Есірткісіз болашақ» форумы өтті

«Есірткісіз болашақ» форумы өтті

Түркістан облысында жыл басынан бері есірткіге қатысты 332 құқықбұзушылық анықталып, 1 тоннаға жуық есірткі тәркіленді. 1360 интернет-ресурс бұғатталып, 2 320 банк картасына шектеу қойылған. Оған қоса  есірткіні жарнамалайтын 515 граффити жазбасы жойылған. Бұл туралы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған «Есірткісіз болашақ» атты форумда айтылды. Мыңға жуық жас пен құзырлы орган өкілдері қатысқан ауқымды шарада  есірткіге қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар  туралы жан-жақты мәліметтер берілді. Сонымен қатар  форумда есірткісіз  орта қалыптастыру  мәселесі әңгіме өзегіне айналды .

Бауыржан Жанаев, Түркістан облыстық ПД бастығының орынбасары:

Қоғам «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында он күндік іс шара аясында ғана есірткінің зияны туралы не болмаса есірткімен күреседі деген сөз емес. Бұл жұмыстар ұдайы түрде жалғасын табатын болады. Және де барлық жастарға айтатыным, есірткі өте зиян. Оған жақындауға, еліктеуге, ақша табу көзіне де айналдыруға мүлдем болмайды.

Бөлісу