100-ге жуық тарихи нысан тазаланды
«Вандализмге жол жоқ!». 6 мыңнан астам жас 100-ге жуық тарихи нысанды тазалауға қатысты. «Әділет» партиясының Жастар қанаты «Вандализмге жол жоқ!» акциясын жалғастыруда. Бұл жолы бастамаға 2 мыңнан астам белсенді жас қатысып жатыр. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған заңды құрметтеу, тәртіп сақтау және ел игілігі үшін еңбек ету қағидаттары «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында қолға алынған акцияның негізгі бағытымен үндеседі. Бастама тарихи мұраны сақтауға және жастар арасында қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Мерей Сапарова, акция қатысушысы:
Іс-шара барысында ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш тақтайшаларын тазалап, олардың айналасын ретке келтіру жұмыстарын қолға алдық. Мақсатымыз тарихи орындарды күтіп, ардагерлеріміздің ерлігін кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде көрсету
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы