Басты Жаңалықтар Тегеран жаңа зымыран базасын көрсетті

Тегеран жаңа зымыран базасын көрсетті

Иранның Ислам революциясы сақшылары жаңа зымыран базасын көпшілік назарына ұсынды. Бұл нысанда баллистикалық және қанатты зымырандар орналасқан. Иранның мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл ракеталардың кейбіреуі АҚШ және Израильмен қақтығыс барысында қолданылған. Бұған қоса Иран зымырандарды ұшыру қашықтығына қойылған шектеуді алып тастағаны да белгілі болды. Осылайша Тегеран тұтас бір зымыран қалаларын құруға көшіп, мұнда әскери техника сақтап қана қоймай, оны өндіруді көздеп отыр.

Бөлісу