Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 9 мың ауыл тұрғыны кәсіпкер атанды
Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 9 мың ауыл тұрғыны кәсіпкер атанды. Олар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өз ісін ашқан. Ауылда отырып кәсіппен айналысқан жандардың бірі - Айнагүл Ахмадбекова. Жуалы ауданының тұрғыны құс шаруашылығы кооперативін құрып, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 2,5 пайызбен 17 млн теңге несие алған. Оған Канададан түйеқұстың, Чехиядан бройлердің, Башқұртстаннан қаз, үйрек жұмыртқасын алдыртыпты. Сосын инкубаторда балапан бастырады. Айына бір тонна ет өндіреді. Жалпы, аймақта «Ауыл аманаты» жобасы 7 жыл бұрын басталды. Содан бері 43 млрд теңге бөлінді. Биыл қаржыландыру 7 млрд теңгеге өсті. Бұл былтырғыдан 2 млрд теңгеге көп.
Айнагүл Ахмадбекова, Б.Момышұлы ауылының тұрғыны:
Оның тиімділігін көріп жатырмын, мына құстарымызды алдық несиеге. Бұл несие маған 5 жылға берілді. 1 жыл демалысы бар, алты ай сайын 2 млн теңгеден төлеймін. Тиімді, өте керемет. Сүйемелдеген «Әділет» партиясына өте ризамын.
Асыл Ақберді, «Тараз» ӘКК несиелеу департаментінің басшысы:
2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек алатын ауыл тұрғындарының саны 69 мыңға жуық болса, бұл көрсеткіш 2026 жылы 16 мыңға жуық адам басына азайды. Яғни 6 жыл аралығында АӘК алушылардың саны 4 есе азайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы