Басты Жаңалықтар Атыраулық оқушылар қоқысты кәдеге жаратуды үйренді

Атыраулық оқушылар қоқысты кәдеге жаратуды үйренді

Атырау қаласында мектеп оқушыларына қоршаған ортаны қорғау тақырыбында экологиялық сабақ ұйымдастырылды.

Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өтті. Сабақ барысында оқушылар назарына JerEcoHub экохакатонында жеңімпаз атанған үш команданың жобасы ұсынылды. Солардың бірі - нан қалдықтарын қайта өңдеп, мал азығын өндіруге бағытталған. Сонымен қатар оқушыларға тұрмыстық қалдықтардың көлемін азайту және оларды қайта пайдалану жолдары түсіндірілді. Жасөспірімдер қажетсіз заттарды кәдеге жарату әдістерімен де танысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сабақтар оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.

Сүндет Сырымбек, жоба жетекшісі:

Мектеп қабырғасында ғылыми жобамен зерттеп көрдік, экохакатон арқылы қаржыландырып, нақты іске кірісіп көрейік деп, осы жобаны қолға алдық. Нан қалдықтары ол экологияға метан газын бөледі, ал сіз бен біз метан газының ауаға шығуына үлкескерміз. Мүмкіндігінше алдын алайық.

Бөлісу