Шымкентте перинаталдық орталық салып жатыр
Шымкентте жылына 30 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Демографиялық өсімге байланысты қазір шаһардағы Ақжайық шағын ауданында 200 орындық перинаталдық орталық салынып жатыр. Заманауи медициналық кешен ана мен балаға мамандандырылған көмек көрсетуге арналған. 12 блоктан тұратын үш қабатты ғимаратта акушерлік-гинекология бөлімі, күндізгі стационар және неонаталдық хирургия бөлімдері ашылады. Соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылатын орталық жылына 7 мыңға жуық ананы қабылдайды. Мұнда Шымкент тұрғындарымен қатар Түркістан облысының іргелес аудандарынан келген аналар мен нәрестелерге де медициналық көмек көрсетіледі.
Мақсат Мейманалиев, Шымкент қалалық құрылыс басқармасының бөлім басшысы:
Құрылысқа республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылған - 48,6 млрд теңге. Қазіргі таңда толыққанды конструкциялық жұмыстар аяқталуда. Бұдан бөлек, инженерлік-коммуникациялық жүйелер, қыш қалау сияқты жұмыстар жүргізіліп келе жатыр. Келесі жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы