Министр: Жалпыхалықтық құрылыс – бірнеше ұрпақтың игілігі
Келер жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау – аса маңызды бастама. Осылай деген Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады. Министр сапалы инфрақұрылым салу – бір емес, бірнеше ұрпақтың игілігіне жарайтын іс екенін жеткізді.
Арман Қырықбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
Жасанды интеллект қалай дамыса да, бізге не керек - креативті орталықтар керек, оңалту орталықтары керек, медициналық орталықтар, кітапхана керек. Ішінде шығармашылық идеялар туатын, жастар өсетін керек. Мемлекет басшысы осыны айтып отыр. Тек бір емес, бірнеше ұрпақтың игілігіне жарайтын, көзбен көріп, қолмен ұстайтын дүние болсын деген шешімді айтып отыр және соны ұсынып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы