Басты Жаңалықтар Астанада Ақаба процесінің саммиті өтіп жатыр

Астанада Ақаба процесінің саммиті өтіп жатыр

Астанада Ақаба процесінің саммиті өтіп жатыр. Биылғы жиын «Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік» тақырыбына арналған. Саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн және Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттері қатысып жатыр. Сонымен қатар Әзербайжан Ұлттық жиналысының спикері мен Қырғызстан Сыртқы істер министрі және басқа да ресми тұлғалар келген. Ақаба процесі – Иордания Королі 2015 жылы көтерген халықаралық бастама. Негізгі мақсаты – терроризм мен экстремизмге қарсы күресте елдердің күш-жігерін біріктіру. Осы алаңда ортақ қауіп-қатерлер талқыланып, оларға қарсы іс-қимыл шаралары үйлестіріледі.

Бөлісу