Басты Жаңалықтар Алматыда жүк көліктерін бақылау қатаңдатылады

Алматыда жүк көліктерін бақылау қатаңдатылады

Алматыда жыл басынан бері 200-ден астам жүк көлігінің мемлекеттік нөмірі тәркіленіп, 86-сы айып тұрағына қойылды. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 26 мыңға жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Мегаполис полицейлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауыр жүк машиналарына бақылауды күшейтті. Олар тасымалдаушылардың құжаттарын, машиналардың жай-күйін және экологиялық талаптардың сақталуын тексеріп жатыр. Мамандардың айтуынша, талапқа сай келмейтін көліктерден шығатын зиянды газ қала ауасын ластайды. Сондықтан рейдтік шаралар әлі де жалғасады.

Бөлісу