Басты Жаңалықтар Арал қайраңына себілген фосфогипс қалдығы нәтижелі болды

Арал қайраңына себілген фосфогипс қалдығы нәтижелі болды

Арал теңізінің құрғаған табанын құнарландыруға қолданылған фосфогипс қалдығы өз нәтижесін берді. Үш жыл бұрын қолға алған пилоттық жобаның жемісі жайлы Тараздағы халықаралық ғылыми конференцияда айтылды.

«Қазфосфат» зауытынан шыққан химиялық күл Арал топырағын тыңайтып отыр. Мамандар теңіз табанындағы әр гектарға 40 тоннадан сепкен. Нәтижесінде қалдық құрамындағы кальций топырақтағы зиянды натрий мөлшерін азайтқан. Сонымен қатар, сексеуіл, алма мен қарабарақ көшеттерінің 70% жайқалып шыққан. Енді табиғат жаншырлары Тараз маңындағы фосфогипсті Арал топырағына тасымалдау үшін Үкіметтен қолдау қажет дейді. Айта кетейік, Аралдың құрғаған табанының аумағы 6 млн гектардан асады. Оның 2,8 млн гектары Қазақстанға тиесілі.

Серікәлі Мұқатаев, «Халықаралық Аралды құтқару қоры» атқарушы дирекциясының директоры:

Арал теңізіне бірінші рет қолданып жатырмыз. Суармалы жерлерде сумен бірге фосфогипс араласып, тез нәтиже береді. Арал теңізінде,  білесіздер, суғарылмайтын жер. Тек қана қыста қар жауғаны ғана әсер етеді. Сондықтан жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Ол тұздылығы азайып, фосфогипс қолданған жерімізде сексеуіл өсуі көбейді.

Бөлісу