БҚО-да ауылға барып, жұмыс істемеген жастар ₸36 млн-ды қайтарады
Ауылға барып, жұмыс істемеген жас мамандар алған қаражатын қайтаратын болды. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен қызметке тұрған 6 жас маман талапты орындамай, жұмыстан шығып кеткен.
Ал келісімшарт бойынша әлеуметтік қолдау алған мамандар елді мекенде кемінде бес жыл жұмыс істеуге міндетті. Заңсыздықты аудандық прокуратура анықтады. Сондай-ақ олар әлеуметтік қолдау ретінде алған 36 млн теңге бюджет қаражатын қайтармаған. Прокуратураның талап арызы сотта қанағаттандырылды. Қазір қаражатты мәжбүрлеп өндіріп алу үшін құжаттар сот орындаушыларына жолданған.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атыраулық оқушылар қоқысты кәдеге жаратуды үйренді
06.11.2026, 13:15
Петропавлдық зейнеткер ауласын ерекше бұйымдармен безендіреді
06.11.2026, 13:13
Арал қайраңына себілген фосфогипс қалдығы нәтижелі болды
06.11.2026, 13:12
Шымкентте перинаталдық орталық салып жатыр
06.11.2026, 13:07
Министр: Жалпыхалықтық құрылыс – бірнеше ұрпақтың игілігі
06.11.2026, 13:05
Алматыда жүк көліктерін бақылау қатаңдатылады
06.11.2026, 13:03
Жүк көліктері үшін ақылы жол тарифтері өзгеруі мүмкін
06.11.2026, 13:02
Астанада Ақаба процесінің саммиті өтіп жатыр
06.11.2026, 13:00