Чемпиондар елге оралды
4 алтын, 2 күміс және 2 қола. Дәстүрлі садақ атудан Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатында ұлттық құрама топ жарды. Спортшылар жалпы командалық есепте 3900 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Ел мерейін үстем еткен мергендердің бір тобы бүгін елге оралды. Оларды жақындары мен жанкүйерлері Астана әуежайынан күтіп алды.
Байрақты бәсекеде спортшылар төрт түрлі бағытта сынға түсті. Олар 30, 70, 90 және 145 метрден нысана көздеп, өзара мықтыны анықтады. Жекелей сайыста да жерлестеріміз жүлдесіз қалған жоқ. Мысалы, Айкөркем Батихан 30 метрлік жамбы нысанасы бойынша әлем чемпионы атанса, 70 метрлік пута сайысында күміс медаль еншіледі. Ал Әсемгүл Ғалымжанова қола жүлдені иеленді. Айта кетейік, қазір бұқаралық сипатқа ие болған бұл спорт түрімен елімізде 30 мыңға жуық адам айналысады.
Нартай Аралбайұлы, Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті:
9 командамызды жолдадық 45 спортшымызды. Бас жаттықтырушымыз бар ұлдар арасында. Қыздар арасында бас жаттықтырушымыз бар. Сондықтан біз бұлжарысқа өте қатты дайындалдық. Өздеріңіз көргендей мамыр айында сайыс өтті Стамбулда оның да бас жүлдесін алған едік. Сондықтан биылғы жыл біз үшін таңдай қағарлық үлкен жетістіктерге толы жыл.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы