Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

АҚШ вице-президенті: Жеңіліс себебі - Иранмен соғыс

Республикалық партияның аралық сайлауда жеңіліске ұшырауының себебі - Иранмен соғыс. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс X әлеуметтік желісінде осылай деп жазды. Сәтсіздікке әкелген факторлар қатарында АҚШ әкімшілігінің Израильмен қарым-қатынасы, Трамптың көші-қон саясаты да аталды. Америкалықтардың 63 пайызы соғысты бастау шешімін қате деп есептейді.

Англия банкі пайыздық мөлшерлемені көтерді

Англия банкі үш жылда алғаш рет пайыздық мөлшерлемені өсірді. Бұған АҚШ-Иран соғысынан инфляциялық қысымның артуы түрткі болып отыр. Қақтығыс жалғасқан сайын мұнай, табиғи газ бағасы да қымбаттап барады.

Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді

Солтүстік Корея жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді. Бұған қоса Жапон теңізіне қарай бірнеше қанатты зымыран ұшырды. Пхеньян жаңа қару-жарақтың техникалық сипаттамаларын, оның нысананы табу, тану және бақылау мүмкіндігін тексерген. Аэродромға соққы беру бойынша да жаттығу өткізді.

Ozon қоймасы дрондар шабуылына ұшырады

Ресейдің Адыгейск қаласында Ozon маркетплейсінің логистикалық орталығына дрондар шабуыл жасады. Соның салдарынан қойма аумағында өрт шығып, қызметкерлер эвакуацияланған. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Бөлісу