Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіріп, оны жүзеге асыру тетіктерін талқылау үшін Халық Кеңесінің мүшелері өңірлерді аралауға кірісті. Қостанай облысына жұмыс сапары аясында олар ғылыми қауымдастық өкілдерімен кездесіп, ел экономикасын дамыту мен инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне тоқталды. Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлу жоспарланған. Оның 1,5 триллион теңгесі әлеуметтік жобаларға арналған. Қаражат әлеуметтік нысандардың құрылысына, көлік инфрақұрылымын дамытуға, инженерлік желілерді жаңғыртуға, сондай-ақ елді мекендерді ауызсу және газбен қамтуға жұмсалмақ.
Еркін Әбіл, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі:
Инфрақұрылым мен әлеуметтік мәселе тығыз байланысты. Біз негізінде қазір бұрынғы экономикалық модельден кетуге сондай қадам жасап жатырмыз. Бұл бүкіл сол жоспарлар орындалса, үлкен өзгеріс болады деп ойлаймын.
Би-Фатима Ералханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы