Басты Жаңалықтар Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек

Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек

2029 жылға қарай елде электр энергиясына тапшылық болмай, артығымен өндірілуі тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жүктелген осы міндетті орындау үшін Үкімет басшысы арнайы кеңес өткізді. Ірі жобалардың барысын пысықтады. Алматыдағы жылу электр орталығын жаңғырту, ал Семей мен Көкшетауда жаңасын салу, Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту жұмыстары да назарда. Оңтүстік пен Батыс өңірлердің электр желілері күшейтіліп, энергия жүйесінің тұтастығы қамтамасыз етілмек. Премьер-министр жобаларды созбалаңға салмай, әр нысанның уақытылы іске қосылуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар KEGOC электр желілерін басқаруға жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізіп жатыр. Бұл жыл сайын 5,5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік бермек.

Нәби Айтжанов, KEGOC АҚ Басқарма төрағасы:

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға қарай тұрақты энергияны қамтамасыз ету мақсатында KEGOC Ұлттық электр торабын дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Болжамдарға сәйкес, 2028 жылы дефицит тапшылығы азайып, профицитке шығуымыз мүмкін. 2029 жылы артық энергия қуаты шамамен 2,8 гВт, 2035 жылы 5 гВт-қа жетеді деп күтілуде.

Бөлісу