Несиені мерзімінен бұрын өтегендер сақтандыру ақшасын қайтара алады
Несиесін мерзімінен бұрын өтегендер сақтандыру төлемінің бір бөлігін қайтарып ала алады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігің дерегінше, бұл мүмкіндікті несие немесе микрокредитпен бірге ерікті сақтандыру рәсімдеген жеке тұлғалар ғана қолдана алады. Мысалы, бес жылға алынған кредит үшін 150 мың теңге сақтандыру жарнасы төленіп, қарыз бір жылдан кейін жабылса, пайдаланылмаған төрт жылға тиесілі 120 мың теңгені қайтаруға болады. Алайда компания шартты бұзуға кеткен шығынды ұстайды. Ол бастапқы жарнаның 10 пайызынан аспауы тиіс. Яғни кемінде 105 мың теңге қайтарылуы мүмкін. Ақшаны алу үшін сақтандыру компаниясына өзіңіз өтініш беріп, несие мен сақтандыру шарттарын және қарыздың толық өтелгенін растайтын құжатты ұсыну қажет. Заң бойынша компания бес жұмыс күні ішінде қаражатты қайтаруға міндетті. Ал бас тартқан жағдайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдануға болады.