Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
Қазақстан Конституциясында еңбек құқығы нақты айқындалған. Әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқы бар. Соның ішінде жұмысшы мамандықтардың арқасында бүгінде ел экономикасы ілгерілеп, өңдеу өнеркәсібі дамып келеді. Мәселен, Қарағанды облысында бұл сала бойынша 815 кәсіпорында 57 мыңға жуық адам еңбек етіп жатыр. Сонымен қатар өңірде тұрмыстық тауар өндіретін кәсіпорындар саны да көбейіп келеді. Ал жергілікті өнім түрін арттыру мақсатында құны 312 млрд теңге болатын 44 инвестициялық жоба іске аспақ. Сарапшылардың айтуынша бұл бағыт та Ата заңның арқасында даму жолына түскен.
Ермек Әбілдин, Облыстық қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының басшысы:
Шағын және орта бизнестің мүддесі қорғалды. Алдынғы конституцияда жеке меншік түрі көрсетілсе, жеке меншік және мемлекеттік меншік деп. Бірақ та бөлшектері болмады. Меншіктің түр түрі бар. Коперативті меншік бар, біріккен меншік бар. Біздің тарапымыздан осы ұсыныс айтылды. Меншіктің түр түрі Ата заңмен қорғалсын деп. Ол қабылданды, референдумда халық қолдады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы