Сапалы білім – заман талабы
Заман талабына сай білім алып, жаңа технологияларды меңгерген, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – маңызды міндеттердің бірі.
Әсіресе жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар кеңінен дамыған кезеңде мұғалімдер қауымының алдында жаңа міндеттер тұр. Бүгінде жастардың тек теориямен шектелмей, алған білімін тәжірибеде қолдана білуі де маңызды. «Жас ұрпақтың бойына біліммен қатар ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, заман талабына сай тәрбиелеудің маңызы зор» дейді қызылжарлық ұстаз Нұрдәулет Шаяхмет. Президенттің «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» кітабында осы мәселеге баса назар аударылған.
Нұрдәулет Шаяхмет, мұғалім:
Президентіміз айтып кеткеніндей, тәрбие мен оқу бірге жүруі керек, жасанды интеллект заманында, ақпараттық технологиялар заманында, ұшатын машиналар заманында біз егер өзіміздің жастарымызды озық көрсетпесек немесе олар озық болмаса, біз қалып қоюымыз әбден мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы