Басты Жаңалықтар Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді

Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді

Енді оқушылар жеке қауіпсіздігін қорғауды үйренеді. Биылғы оқу жылында  5- сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін міндетті «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді. Сабақ барысында балалар қауіпті жағдайларды тануды, жеке шекарасын қорғауды және қауіпсіз мінез-құлық ережелерін меңгереді. Сондай-ақ қауіп төнген жағдайда дер кезінде көмек сұрауға үйретіледі. Бұл бастама балаларға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп профилактикалық жұмысты күшейтіп жатыр. Министрліктің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында балаларға қатысты құқықбұзушылықтар 3,7 пайызға азайған.

Бөлісу