Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
Президент әлеуметтік қорғау, инклюзия және азаматтардың өмір сапасын арттыру мәселелерін мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты ретінде айқындап келеді. Биылғы Жолдауында да инклюзивті білім беруге ерекше назар аударды.
Абай облысында бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазір өңірде 6 облыстық медициналық-әлеуметтік мекеме, 16 аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және 3 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Семейде осы саланың ардагерлері мен үздік қызметкерлері «Әлеуметтік сала ардагері», «Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері», «Кәсіби сенімділік», «Алтын жүрек» сынды аталымдар бойынша марапатқа ие болды. Олардың қатарында ұзақ жылдар бойы оңалту орталығында еңбек етіп ерекше балаларға қолдау көрсеткен мамандар да бар.
Гүлнұр Тоқтаболатова, зейнеткер:
Медаль иеленіп жатырмын. Рахмет, еңбек өтілімді ескергендеріне. Үлкен орталықтың жұмысын бір жүйеге келтіріп, менің кезімде ДЦП синдромымен 29 баланы жүргіздік. Талай ата-аналарды жұмысқа орналастырдық. Талай жастарға өз тәжириебемді көрсеттім, қазір барлығы жақсы мамандар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы