Басты Жаңалықтар БҚО-да қызылша дертін жұқтырғандар көбейді

БҚО-да қызылша дертін жұқтырғандар көбейді

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 300-ден астам адамнан қызылша ауруы анықталды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 17 есеге көп. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының мәліметінше, өңірде өткен жылы осы мерзімде тек 18 науқас тіркелген. Бұл жағдай қызылша инфекциясының таралуына жол бермеу және профилактикалық шараларды күшейту қажеттігін көрсетеді. Дәрігерлердің айтуынша, қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы — вакцинация. Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация балаларға 12 айында және 6 жасында жүргізіледі. Ауру, әсіресе, балалар арасында жиі кездескенімен, қызылшаға қарсы екпе алмаған ересектер де жұқтыруы мүмкін.

Бөлісу